+7 (727) 267-28-83

КемелА

15 мамырда Н. Дәулетова атындағы көрмелер залында көрнекті ғалым, археолог Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұлы Дала ғалымы" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - К. Ақышевтың археология мен отандық гуманитарлық ғылымды дамытуға қосқан үлесі, Қазақстанның археологиялық ғылымын дамыту перспективаларын талқылау, сондай-ақ археологтардың, тарихшылардың және К. Ақышевтың шәкірттерінің естеліктерімен бөлісу.

"Алтын адам" Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды. Бұл артефакт пен оны тапқан археолог Кемел Ақышев әлемге кеңінен танылды.

 Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы ашты.

Модератор Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары,  тарих ғылымдарының кандидаты Мамиров Талғат Базарбайұлы болды.

Іс-шарада сөз сөйлегендер: Герман Николаевич Ким, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры; Байгунаков Досбол Сүлейменұлы,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы;  Омаров Ғани Қалиханұлы, ҚазҰУ Археология, этнология және мұражайтану кафедрасының аға оқытушысы; Нәбира Төрежанова, Орталық мұражайдың археологиялық бөлімінің жетекшісі; Утубаев Жанболат Райымқұлұлы  Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты «Ерте темір дәуір археологиясы» бөлімінің басшысы; Дүйсембаева Нәзира Бәкірқызы, «Ғылым ордасы» Қазақстан ғылымы тарихы мұражайының меңгерушісі;  Кемел Акышевтың немересі Артем Ким.

Іс-шара барысында Ұлттық кітапхана қорынан К.Ақышевтың өмірі мен шығармашылығына арналған  "Ұлы Дала ғалымы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Айтулы кітап көрмесін диссертация бөлімінің қызметкерлері Салқанова Шолпанай мен Солтан Ақбаян таныстырды.

"Хабар "телеарнасы дайындаған Кемел Ақышев туралы деректі фильм көрсетілімі болды,   «Тарих. Тағдыр. Тұлға».

Іс-шараға көрнекті ғалымдар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, тарихшылар, археологтар, мұражай қызметкерлері, педагогтар мен студенттер, Қ.Ақышевтың туыстары мен жақындары, кітапхана ұжымы, оқырмандар  және БАҚ өкілдері  қатысты.

КемелА1   КемелА2   КемелА3