+7 (727) 267-28-83

казань гл20 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары Бердіғалиева Гүлдана Нұрболқызы мен Қожамберді Зерде Фазылбекқызы Ресей кітапханалары қауымдастығының XVIII жыл сайынғы конференциясы «БИБЛИОТЕКА В МНОГОПОЛЯРНОМ МИРЕ» Бүкілресейлік Кітапхана Конгресінің салтанатты ашылуына қатысты.

Толығырақ...  

Олжас гл18 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында көрнекті ақын, зерттеуші, дипломат, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Олжас Сүлейменовтің 88 жасқа толуына арналған «Ғасыр авторы» атты мәдени-ағарту іс-шарасы өтті.

Толығырақ...  

г гл17 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г. А. Маханбетова онлайн режимде Жызақ қаласыда (Өзбекстан Республикасы) «CENTRAL ASIA – 2024: ғылым, білім, мәдениет және бизнестегі интернет және ақпараттық-кітапханалық ресурстар» атты XVII халықаралық конференциясы аясында ұйымдастырылған «Өзбекстанның цифрлық ортасындағы заманауи библиография: библиографияның дәстүрлі тәсілдері мен жаңа форматтары» секциясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми – әдістемелік қызметі» атты баяндама жасады.

Толығырақ...  

туран гл17 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында қазақ балалар жазушысы Кеңес Оразбекұлының «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нардың ерлік жорықтары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

даулетбек гл2024 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлының «Хылует» атты өлеңдер жинағының және «Ерлік ескірмейді» атты сын және сұқбат мақалалар жинағының таныстырылымы өтті.

Толығырақ...  

каталогизатор гл

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Батыс Қазақстан  облысы аудандық кітапханаларының мамандары іс-тәжірибелік оқу курсынан өтті. 

Толығырақ...  

алишер гл16 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында қазақстандық прозашы, драматург Әлішер Рахаттың «Махаббатым - Constant. Пареллель» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

арт гл15-16 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының өнер залында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында «By Art» студиясының көркемдік жетекшісі Ажар Төлеубаева әртүрлі жастағы балалар арасында батикпен сурет салу және кескіндеме бойынша екі күндік шеберлік сабағын өткізді.

Толығырақ...