+7 (727) 267-28-83

 2018

Қазақстан кітапханалары – 2017 жыл. Мәліметтер. Сандар: Ақпараттық-сараптамалық жинақ / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Г. Искакова, 
Л.Б. Абдрахманова, А.Н.Шуленбаева; жауапты ред.:  Г.А. Маханбетова.–Алматы, 2018.–70 б.

Сараптама-статистикалық жинақ Қазақстан Республикасындағы көпшілік кітапханалардың есебі  және 
ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz)  орналасқан 2017 жылғы «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» электронды дерекқоры негізінде құрастырылған.
Басылымда ҚР Ұлттық кітапханасындағы, Астана қ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы және облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардағы кітапхана ісінің жағдайы мен дамуы туралы статистикалық және аналитикалық есептер жинақталған. 
Қосымша кестелерде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік көпшілік кітапханалар туралы 2016-2017 жж. негізгі салыстырмалы көрсеткіштер берілген. 
Жинақ кітапхана мамандарына, ғылыми қызметкерлерге және жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған.

 

 "Кітап&Кітапхана" журналынан республикадағы кітапхана және кітап ісі саласының ғылыми, тәжірибелік және сараптамалық мазмұндағы мақалаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқи аласыздар.

Журналда бірнеше маңызды да ауқымды айдарлар қамтылған: кітап және қоғам, заманауи кітапхана, инновациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру мен мамандық, библиография әлемі. 
Құрметті әріптестер! Сіздерді осы басылым беттерінде кітапхана ісінің тарихы мен теориясын, кітапхана ісі саласындағы озық жетістіктерді, түйткілді мәселелерді бүкпесіз, барынша шынайы талқылау үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырады. Сондай-ақ, ақпараттық-инновациялық және сараптамалық мазмұндағы, осы салалардағы кәсіби біліктілік туралы мақалаларды, кітапқа қатысты дайын жобаларды, кез-келген кітап жанашырларының талап-тілектерін қабылдауға дайын. 
Біздің журналға «Эврика-Пресс» каталогы арқылы жазылуға болатынын естеріңізге саламыз. Журналға жазылу индексі: 74941.

2017

2016

2015

2014

2013

2012

2011

2010

2009

2008

Сайтта

Қазір сайтта 149 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.