+7 (727) 267-28-83

 

2008 жылдағы Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар /құраст.: Ф.Бектұрбекова, С.Тұяқова, Ә.Нығметова, О.Болатова, Х.Бұлғанбай; ред.: К.Т.Қасымжанова, А.Әбдірәсілқызы. - Алматы: ҚР ҰК, 2009. - 77 б.

«Қазақстан кітапханалары: мәліметтер меи сандар» сараптама-статистикалық жинағына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі көпшілік кітапханалар туралы мағлұматтар кіргізілген. Аналитикалық шолулар облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың 2008 жылғы жұмыс есептерінің негізінде дайындалған. Басылымда Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі көпшілік кітапханалардың даму болашағы мен оларды дамыту ұсыныстары көрсетілген. Қосымшада 2007-2008 жж. Қазақстан Республикасындағы көпшілік кітапханалардың және Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалардың жұмыс көрсеткіштері берілген.

Кітапхана құқы=Библиотечное право: заң және нормативтік-құқықтық актілер жинағы=Сборник законов и нормативно-правовых актов /ред. А.М.Волков; құраст.: С.Т. Тұяқова. - Алматы: ҚР ҰК, 2009. -  Шығ. 12. - 251 б. - қазақ, орыс тілдерінде.

Жинақтың 12-ші басылымына ҚР Заңы «Тәуілсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімін ратификациялау туралы», ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы», «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері және ережесі», «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі», «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құкықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды кұқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы» және Премьер-Министрінің өкімі «2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» берілген. Екінші бөлімде: «ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Беларусь Республикасы Әділет министрлігі арасындағы мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімі, ТМД-ның үкімет басшыларының шешімі «ТМД мемлекет елдері қатысушыларының шекаралас кітапханалары базасында ақпараттық-кітапханалық кеңістікті қалыптастыру тұжырымдамасы және жоспары» енгізілген.