+7 (727) 267-28-83

Кітапхана құқы: заң және нормативтік-құқықтық актілер жинағы = Библиотечное право: сборник законов и нормативно-правовых актов. / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Г.А. Маханбетова; ред. К.К. Қоштаева. - Алматы, 2015. -15-шығ.  284 б. – Қазақ, орыс тілінде.
Басылымға Қазақстан Республикасында 2014 жылы  кітапхана ісі мен мәдениет мәселелеріне байланысты қабылданған заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер алынды.                                 
Жинаққа ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары берілген.
Жинақ барлық жүйе мен ведомствалар кітапханаларының қызметкерлеріне және кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының оқытушыларына арналған.

Кітапханашы анықтамалығы. 1 бөлім / ҚР Ұлттық кітапханасы; Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова, А.Қ. Байдарова; жауап. ред.: К.К. Қоштаева. – Алматы, 2015. – 178 б.
Кітапханашы анықтамалығының бірінші шығарылымының бөлімдерінде: кітапхана түрлері, кітап қорын жинақтау және өңдеу, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, құжаттарды цифрлау арқылы электронды кітапхана түзу жолдары жайлы ақпарат берілген.
Анықтамалық барлық жүйелер мен мекемелердің кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының дәріс берушілері мен студенттеріне арналған.

 Қазақстан кітапханалары - 2014 жыл. Мәліметтер. Сандар / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Т. Ауғанбаева, Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова; ред. К.К.Қоштаева. - Алматы, 2015. -  65 б: кесте.
Сараптамалық басылым Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың ҚР Ұлттық  кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан  «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорына республикадағы жетекші кітапханалар мен облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар тарапынан онлайн тәртіпте енгізілген 2014 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері мен ақпараттары бойынша және облыс кітапханаларының есептерін саралау, зерделеу негізінде дайындалды.  
Қосымша кестелерде ҚР Мәдениет  және спорт министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жұмысының 2013-2014 жж. барлық бағыттағы негізгі көрсеткіштері  ұсынылған.
Басылым  кітапхана  мамандарына, ғылыми  қызметкерлерге және жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

Столяров Ю. Н. Библиотечный фонд: учебник.– Санкт-Петербург: Профессия, 2015.– 384 с.– (Учебник для бакалавров).

   Оқу құралында әртүрлі типтегі және түрдегі кітапханалардың қызметіне байланысты сұрақтарға кешенді жауаптар қамтылған. Кітапхана қоры қосалқы жүйе мен элементтері бар, айрықша белгілерге, ерекшеліктерге, қызметке ие күрделі жүйе ретінде көрсетілген. Елдің құжаттық қор жүйесіндегі кітапхана қорының орны: әдістемелік, теориялық, технологиялық және моделдеудің басқару аспектілері, қорды толықтыру, есебін жүргізу, өңдеу, орналастыру, жеткізу, кітап қорын сақтау ретінде қарастырылған.
   Келтірілген теориялық ережелер кітапхана қорын түсіну мен технологиялық құрылуының ірге тасы болады, яғни, толықтыру, есебін жүргізу, өңдеу, орналастыру, жеткізу, кітап қорын сақтау, сондай-ақ құжаттарды кітапхана пайдаланушыларына жеткізу. 
   Оқу құралы кітапхана факультеттерінің бакалаврларына арналған. Сонымен қатар осы курсты оқытатын оқытушылар мен аспиранттарға және осы саланың зерттеушілеріне қызығушылық туғызады. Құралды кітапхана кадрларын дайындау, біліктілігін арттыру, қайта дайындау, оларға қосымша білім берумен айналысатын құрылымдарда, сондай-ақ тәжірибеші-қорсақтаушылар, қортолықтырушылар, өңдеушілер және өзіндік білім жетілдіру үшін пайдалануға болады.

Справочник-поисковой аппарат библиотеки: учебник / под ред. И. С. Пилко.– Санкт-Петербург: Профессия, 2015.– 288с.– (Учебник для бакалавров).

   Оқу құралында кітапхананың анықтамалық-іздеу аппаратын құру және пайдаланудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастыру-технологиялық аспектілері айтылған. Каталогтар, картотекалар, дерекқорлар, анықтамалық-библиографиялық қор, желілік ресурстар, жарияланбаған библиографиялық құралдар қоры оларды іздеу мүмкіндіктері, анықтамалық-іздеу аппаратын басқару мәселелері, каталогтау үдерістеріндегі кітапханаралық ықпалдасу жайында толық сипатталған. Кітапхананың, ақпарат қызметінің, мұрағаттар мен мұражайлардың анықтамалық-іздеу аппаратына салыстырмалы сараптама жүргізілген.
   Оқу құралы – кітапханалардың анықтамалық-іздеу аппаратын, олардың дәстүрлі (картокалық және баспа) және электронды бөлігін қалыптастыру және пайдалану мәселелері жайында кешенді түрде қамтылуының алғашқы тәжірибесі.
   Басылым «Кітапханалық-ақпараттық қызмет» бағытында оқитын бакалавриат студенттеріне, кітапханалық-ақпараттық пәндердің оқытушыларына арналған. Оқу құралын  орта кәсіби білім беретін (кітапханалық) ұйымдарда және кітапханалық-библиографиялық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде пайдалануға болады.

Алешин Л. И. Библиотековедение. История бибилотек и их современное состояние: учебное пособие.– М.: ФОРУМ: НФРА-М, 2015.– 240 с.

   Оқу құралында ХХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі кітапханалардың даму ерекшеліктері талданған. Сонымен қатар, салынған, салынып жатқан және болашақта салынатын кітапхана ғимараттарының сәулеттік ерекшеліктері мен дизайні, кітапханалық үдерістердің автоматтандырылу мәселелері қарастырылған. 
   Кітапхана қызметкерлерінің имиджі және біліктілігі, заманауи кітапханалардың болашаққа қарай даму бағыты; сақталып отырған ақпараттық ресурстардың түрлері, сондай-ақ кітапханалардың әлеуметтік, мәдени-көпшілік, білім беру құрылымдары және ұйымдармен өзара ықпалдасу мүмкіндіктері қарастырылған. 
   Оқу құралы 5В041800 – «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері мен бакалаврларына, сондай-ақ 5.25.03 – «Кітапханатану» мамандығы бойынша оқитын колледж оқушыларына арналған. 

 

Гусева Евгения Николаевна. Кітапханалардың инновациялық қызметін бағалау: әдістері мен тәсілдері / Ресей мемлекеттік кітапханасы ; ред. алқасы Қ.М. Ақжігітова ; ауд.: Н.Ш. Сақыбаева, М.Б. Емельбаева.– Өскемен, 2015.– 80 б.

Кітап авторы – Білім және ғылым Департаменті директорының орынбасары, Ресей Федерациясы мәдениет министрлігінің кітапханалар және мұрағаттар бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты инновация ролінің артуы жайында әңгімелейді. 
Инновациялық қызмет бүгінгі күні заманауи социумның дамуының негізгі шарты ретінде көрінеді. Кітапта келтірілген мәліметтер кітапхана қызметкерлерінің «инновация» ұғымының ерекшелігін түсінуіне, олардың өз кітапханаларының жұмысын жаңашылдық тұрғысынан бағалауына көмек береді. 
    Ұсыныстар кітапхана басшыларына және еңбекті нормалауға арналған. 

Сайтта

Қазір сайтта 46 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.