Каталогизатор мектебі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы базасында құрылған.
Мектеп - кітапхана жұмысының әдістемелік бағыттарының бірі болып табылады, ол ресурстарды машинамен оқитын каталогтаумен айналысатын кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Каталогизатор мектебінің мақсаты – тыңдаушыларға ресурстардың нақты түрлерін каталогтаудың негізгі ережелерімен және жалпы ережелерімен таныстыру (кітаптар, ноталар, картографиялық, бейнелеу материалдары, электрондық ресурстар, мерзімді және жалғасты басылымдар.)
Тәжірибелік сабақтар ҚР Ұлттық кітапханасының ІТ-мамандары құрастырған республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық Web-RABIS жүйесінде өтеді.
Web-RABIS барлық кітапханалық мемлекетаралық стандарттарға және коммуникативтік форматтағы талаптарға жауап береді, электронды каталогты жүргізуді және ғылыми өңдеуді, кітапханалық негізгі көрсеткіштері бойынша кітапханалық, бухгалтерлік есепті және статистикалық үлгілерді басып шығару мүмкіндігін қолдайды.
Мектеп түрлі ведомстволар мен жүйелердегі кітапхана мамандарына оқыту сабақтарын жүргізеді. (40 академиялық сағат).
Курс соңында оқудан өткендігі туралы сертификат беріледі.
Өтініштер келесі мекен-жайларда қабылданады:
Қазақстан, 050013,
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тел / факс +7 (727) 267-28-79; 267-28-76
Оқу-үйрету курс бағдарламасы
Біліктілікті жоғарылату бағдарламасы Ақпараттық ресурстар қызметі мамандары тарапынан әзірленген, каталогтаумен айналысатын кітапхананың тәжірибелі мамандары мен жұмысты жаңадан бастаған жас мамандарға арналады. Оқыту бағдарламасы құжаттары заманауи каталогтау және библиографиялау талаптарына сәйкес келеді, теориялық және тәжірибелік сабақтарды қамтиды.
Машинамен оқитын каталогтау және кітапханалық ресурстардың сапасы саласындағы халықаралық стандарттар мен ережелер;
Библиографиялық сипаттамаларды құрастыру ережелері;
Өлкетану әдебиеттерін каталогтау ерекшеліктері;
Ұлттық библиография;·
Web-RABIS;
Жалпы редакциялау.
2024 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспары
Байланыстар
Сыдықжанова Флора Өскенбайқызы
Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі
Тел .: +7 (727) 267-28-76, +7 705 422 47 36
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.