+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 17 маусым, сағат 15.00-де «Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына  Жолдауына орай тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі бойынша кітапханашылар мен қала жастарының дәрігерлер әулеті Жапаровтармен кездесуі өтті.

IMG 1016

Кеш қонақтарының арасында: хирург, Алматы қ. №5 Қалалық клиникалық ауруханасы жақ-бет хирургиясының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2009), «Қазақстан медицинасының ғалымдары алтын қоры» атты энциклопедиясына енген 2008 Жапаров Абайдулла Мұхитдинұлы,  Алматы қ. №5 ҚКА ересектер мен балалардың жақ-сүйек тұсының тіс-хирургі, медицина ғылымының кандидаты, Тұңғыш Президент - Елбасы қоры Кеңесі төрағасының орынбасары, 2019 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сухраб Абайдуллаұлы Жапаров болды.

2019 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкері күніне орай  А.М.Жапаров  жаңа заманауи емдеу әдістерін және операцияларды тәжірибеге енгізген үшін «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Іс шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова қонақтарды ҚР Ұлттық кітапханасының қызметімен таныстырды. 

Іс шарада қонақтар  ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруы» атты Жолдауы бойынша  түсіндіріп жүргізді.

Кеш қонақтары 60 жылдан астам еңбектері үзілмей келе жатқан осы мамандықтары, оған деген сүйіспеншіліктері, ғылыми қызметтері мен өз кәсіптері туралы  тереңінен әңгімеледі. Олар өздерінің кәсіби мамандықтарын жақсы көргендерінің арқасында адамдарға көмектесіп, қоғамда уақыт келе үлкен жетістіктерге жеткендіктері туралы айтты. Қонақтардың әңгімелері отбасы мен ғылыми қызметтеріне және жұмыс күндеріне арналған деректі фильмдермен сүйемелденіп отырды.

Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан әкелі-балаға Жапаровтардың еңбектері, авторефераттары мен диссертациялары және мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Арна» медицина орталығының өкілдері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары, сондай-ақ кітапхана қызметкерлері қатысты.

        Іс-шараның соңында, қатысушылар қонақтарға қазақстандық ғылымның дамуы туралы ашық сұхбат және жастардың қойған сұрақтарына жауап бергені үшін алғыстарын білдірді.

IMG 0940   IMG 0952
IMG 1013   IMG 0978