+7 (727) 267-28-83

  Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғалымдарға арналған залда металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Асқар Меңдіахметұлы Қонаевтың 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

111111111

 Асқар Меңдіахметұлы Қонаев 1929 жылы 14 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. 1951 жылы Мәскеу мемлекеттік құрылыс және болат құю институтын бітірді. 1951-1953 ж.ж. - Теміртаудағы  металлургия зауытының болат қорытушысы, мастері, смена бастығы. 1953-1970 ж.ж. -  аға  зертханашы,   кіші,   аға  ғылыми   қызметкер,  зертхана  меңгерушісі,

1970 ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтының директоры, 1972-1974 ж.ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті, 1974-1986 ж.ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті.

Техника ғылымдарының докторы, профессор (1970), Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі (1972), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1977). 1974 жылғы 26 қарашадан  КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 1981 жылдың 29 желтоқсанынан бастап физикалық химия және бейорганикалық материалдардың технологиясы кафедрасында академик.

Қазақ КСР-нің 9-11 шақырылымдағы (1974-1989 жж.) КСРО Жоғарғы Кеңесі ұлттар кеңесінің  депутаты. 1976-1986 жылдары КОКП Орталық комитетінің кандидатына мүше.

А. М. Қонаевтың басшылығымен отандық практикада алғаш рет глиноземдік өндірістің жартылай өнімдері нефелиндер мен бокситтерді қайта өңдеуден галлий алудың сынапсыз галламдық технологиясының теориялық негізі  жасалды. Осы айтылған технология бойынша қазіргі кезде еліміздің бірқатар кәсіпорындарында галлийді көптеп өндіру ұйымдастырылды.

Ғылыми жұмыспен шұғылданғаннан бастап  А.М.Қонаев 335 ғылыми жұмыс, оның ішінде «Қазақстанның ванадийлік шикізатын қайта өңдеудің пиро-гидрометаллургиялық тәсілдері», «Циклондық қорыту» және басқа монографияларын жазды. Ол 67 өнертабыстың және 6 патенттің авторы.

Ғылымдағы жетістіктері үшін Ленин орденімен (1979), Қазан төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978, 1984), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы иегері (1973, 1982).

Асқар Қонаев 1999 жылы 31 наурызда Алматы қаласында қайтыс болды.          Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметі, оның ғылыми еңбектері, мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалары және әріптестерінің естеліктері туралы материалдар берілген.                     

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 126 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.