+7 (727) 267-28-83

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында облыстық «Сыр бойы» қоғамдық-саяси  газетінің 90 жылдығына  арналған көрме ұйымдастырылды.

 0021«Сыр бойы» өңір тарихын  тасмалдаушы облыстық танымдық - саяси басылым болып табылады. Газеттің алғашқы нөмірі 1929 жыл 1 шілдеде  «Сыр бойы» деген атаумен шықты. 1932 жылы  басылым атауы «Ленин туы» болып  өзгертілді. 1938  жылдан 1991жылға дейін «Ленин жолы» аталып, аймақтың ақпарат тынысына айналды.

 Еліміз тәуелсіздік алып, тарихи атаулар қайта қалпына келе бастаған шақта, 1991 жылы газет өзінің ежелгі «Сыр бойы» атауымен қайта қауышты. Газеттің алғашқы нөміріне Ж.Тлепберген қол қойды. Кейінгі жылдары газет басшылары: С.Сейітов, Х.Сыздықов, З.Жарқынбаев, У.Багаев, Н.Уәлиұлы, А.Рахымбекұлы, Ж.Рахматулла, С.Пирназар, Н. Аманжолов және т.б. болды.

«Сыр бойы» - алдына қоятын нақты жоспарлары бар өміршең газет. Газеттің екі жылға есептелген  даму тұжырымдамасы бар. Редакцияда айдарлар тізімі бойынша күнделікті жұмыс атқарылып отырады. Көп жылдық тарихында бірнеше буынды тәрбиелеу мәселесіне атсалысып, облыстық деңгейде, алдыңғы қатарда, өз уақытында, басты идеологияның құралы болды.

Газет тарихы - бұл тек Қызылорда өңірінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің тарихы. Ол әрқашан өз оқырмандарының сұранысын қанағаттандырады. Газет құрылғаннан  бергі 90 жыл ішінде шыңдалған аға буын тәжірбиесі мен жас буынның ұшқыр ойларының қорытпасы болып келді. Ол өзінің қоғамдық-саяси шеңберінен шығып, әрі қарай аймақтағы тұрғындарға ақпараттық-танымдық қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта газеттің бас редакторы Қ.Шарабидинов. Газет аптасына үш рет шығады. Газеттің таралымы 30305 дана.

1979 жылы басылым жоғары мемлекеттік награда «­Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, бірсыпыра нұсқалары Мәскеудегі бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне үлгі ретінде ұсынылды.

1972 жылы газеттің 10 мыңыншы санының жарыққа шығуына орай Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Мақтау қағазымен марапатталған.   

2005 жылы Қазақстан Журналистер академиясының «Үздік аймақтық газет» номинациясы бойынша ең мәртебелі «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық журналистік сыйлығын иеленді.

2006 жылы мемлекеттік бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу  барысын  терең әрі жан-жақты көрсеткені үшін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантына ие болды.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан «Сыр бойы» газетіне арналған танымал жазушылар мен журналистердің мақалалары, сондай-ақ газет тарихының түрлі кезеңдеріне арналған нөмірлері ұсынылған.

      

           Көрмеге шақырамыз!

         

 

Сайтта

Қазір сайтта 160 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.