+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 23 сәуірде кітапхананың орталық фойесінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған Kitap Shoy-2019 атты іс-шара  аясында сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан «Ғасырлар қойнауынан» және "ҚР Ұлттық кітапханасындағы  әлем әдебиеті" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      111213Кітап көрменің мақсаты – әлемнің әр түрлі тілдерінде кітап пен оқуды насихаттау, кітапхана қорының байлығын ашу, оқырмандардың назарын аудару, әлемдік және отандық заманауи әдебиеттерді оқуға қызығушылығын ояту.

Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына XVI-XIX ғасырларда Европа және Шығыс елдерінде жарық көрген кітаптар қойылады: Эразм Роттердамскийдің «Ақымақтықты марапаттау» (1523), Торквато Тассо «Босатылған» (1588) Галилео Галилей «Птоломей мен Коперниктің екі әлемдік жүйесі туралы диалог» (1635), 38- томдық  «Донг мунхон биго» энциклопедиясы және т.б.

Кітап көрмесінде орыс, француз, поляк, неміс, қытай, корей, араб, хинди, урду, чехия, түрік, итальян, жапон әдебиеттерінің топтамалары ұсынылды. 

Әлем әдебиеті қорын бірнеше типологиялық топтарға бөлуге болады: мемуарлық, ғылыми, көркем әдебиет, тарихи, атақты саяхатшылардың кітаптары, альбомдар және т.б. Бұл тек мәтіндік құжаттардың топтамасы емес, бірегей өзіндік ақпараттық ресурс.  Қор біздің кітапханадағы Батыс Еуропа қорларын толықтырады.

Біздің кітапханадағы француз әдебиетінің топтамасы - Франция өмірінің өзіндік көрінісі.  Қызықты кітаптардың бірі 1685 жылы француз математигі Озанамның геометрия бойынша шығарылған еңбегі, сонымен қатар 1858 жылы шығарылған Homere "Les Auteurs Grecs", 1842 жылы шығарылған Payen m. "Chimie organique" бірегей басылымдарын атап өтуге болады.

Польшалық топтамада польшаның тарихы, философиясы, математикасы, мәдениеті көрсетілген. Ол 1888 жылы  шыққан Adama Mickiewicza "Poezye" басылымында, 1819 жылы Pana Naszego "Iezusa Christusa" атты басылымдарда  шыққан.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы кәріс топтамасы XVIII-XIX ғасырлардағы 300-ден астам кітап және басқа да баспа және қолжазба материалдары бар бір мыңға жуық атау бірліктерін құрайды.  Чехия топтамасы 1867 жылы Nestoruv "Letopis Rusky" сирек басылымдарынан тұрады. Парсы топтамасында "Китаб әл-ифсах ан-маани ас-сыхах" бірегей басылымы бар.

Қазақстан жазушыларының шығармашылық мұрасы бұл – өлеңдер, романдар, поэмалар, әлемдік әдебиеттің баға жетпес қазынасы. Көптеген танымал шығармалар шет тілдеріне аударылған.    Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Олжас Сүлейменов сияқты қазақ әдебиеті классиктерінің және басқа да жазушылардың әлемдік мұрасы қазақ әдебиетінің тарихы, әлем халықтарының тілдеріндегі қазақстандық әдебиеттанудың қазіргі даму үрдістері бойынша білім жинақтаудың, ұғынудың және тереңдетудің аса маңызды көзі болып табылады.

Көрмеде әлемнің көптеген тілдерінде 350-ден астам кітап атауы жазылған әдебиеттер ұсынылды. Көрмеде ұсынылған шығармалар – жыл кітаптарымен танылған кітап сатылымдарының көшбасшылары, түрлі әдеби сыйлықтардың лауреаттары.

Барлықтарыңызды көрмеге шақырамыз!

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.