+7 (727) 267-28-83

«Өнер» бөлімінің оқу залында композитор, музыкант Қазақстанның халық әртісі, Тілес Қажығалиевтың 70 жылдығына арналған «Дарынды композитор» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. (1949—1996).

777

Тілес Қажығалиев – қазіргі заманның дарынды композиторы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның шығармашылық зиялылардың көрнекті өкілі. 1949 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. К.Бәйсейітова атындағы арнайы музыка мектебін бітіргеннен кейін Тілес П. Чайковский атындағы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік консерваториясының композиция класын атақты педагог, профессор М.И Чулакидің класында тәмамдады. Т. Қажығалиевтің студенттік шағында жазған ішекті квартет, флейта, скрипка және камералық оркестірге және фортепианоға арналған алғашқы концерттері, ішекті және ұрмалы аспаптарға арналған (дипломдық жұмысы) шығармалары алғаш орындалған сәттен бастап-ақ талғампаз орындаушы музыканттар аудиториясы мен музыка сыншыларының жақсы бағасына ие болды. Т.Қажығалиевтің ерте байқалған шығармашылық, композиторлық қолтаңбасы кейінгі шығармаларынан да, әсіресе, оркестрлік жазбаларында дамуын тауып, толыға түсті. Т.Қажығалиев 1979 жылы Б.Аюхановтың либреттосына қойылған бір актілі «Керуен» балетіне, 1988 жылы З.Райбаевтың либреттосына екі актілі «Дала хикаясы» балетін жазды. Ән-би ансамбілінің сахналық репертуарына арналған хор, симфониялық, музыка-хореографиялық элементтердің жиынтығы бар партитуралары  үлкен тәжірбие мектебі болды. Он екі көркем және деректі фильмдерге,  сонымен қатар, классикалық күрделі шығармалармен қатар эстрадалық жанрына да музыка жазды. Оның әндері танымал эстрада әншілерінің репертуарынан орын алып, концерттерде, радио, теледидардан шырқалды.

 Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, дарынды композитор, қоғам қайраткері  Тілес Қажығалиев Қазақстан өнері мен мәдениеті тарихында айтулы тұлға болып өшпес із қалдырды.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Тілес Қажығалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған

Кітап көрмесіне шақырамыз!