+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 8 ақпанда сағат 15.00-де Е. Тұрсыновтың залында "Қазақ тілі мен хинди тілі мерекесі" өтті. Іс-шара Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

DSC 0067

"Қазақ тілі мен хинди тілінің мерекесі" Алматыда Үндістанның мәдениет күндері аясында өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы рухани байланыстарды тереңдетуге, қазақ тілі мен хинди тілінің ортақ тамырластығы мен жақындығын, Ұлы Жібек жолы арқылы тарихи қауымдастықты көрсетуге бағытталған.

Мерекеде Ұлттық кітапхананың орынбасары Б.Оспанова, Үндістанның Алматыдағы Өкілдігінің Консулы Мартин Сириус Клеменс мырза сөз сөйледі.

Іс-шарада екі елдің билері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қазақ және хинди тілдеріндегі  өнерлері тамашаланды және Тенгри банк төрағасы Динеш Кумар Харжал, Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би Орталығының студенттері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері, Алматы қаласының кітапханашылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Сайтта

Қазір сайтта 139 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.