+7 (727) 267-28-83

asyl

2019 жылғы 5 сәуір Н.Дәулетова атындағы залда қоғам қайраткері, дәрігер, «Алаш» қозғалысының белді мүшесі Сейітов Асылбек Жұманұлының туғанына 125 толуына орай еске алу кеші және Оразгүл Мұхатованың «Асылбек Сейітов – Тарихта қалған із» атты монографиялық кітабының тұсаукесері өтті.

Асылбек Сейітов 1894 жылы 22 қаңтарда Омбы қаласында Батыс Сібір генерал-губернатор кеңсесінің аудармашысы отбасында дүниеге келген.

1917-1920 ж. Ақмола уезінің Алексеевск медициналық бөлімшесінде дәрігер, Ақмола облысының санитарлық бюро дәрігерінің көмекшісі, Баянауыл дәрігерлік бөлімшесінде дәрігер қызметін атқарды. «Алаш» партиясының қызметіне белсенді түрде қатысты. 1921 ж. Орынборда өткен дәрігерлердің бірінші сьезінің делегаты, 1922 ж. – КАССР Кеңестері съезінің делегаты болды. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен «Ауыл» және «Березовка» шипажайлары құрылды.

А.Сейітов медицина ісімен қатар қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 1922 ж. Семей губерниясы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. 1937 ж. ҚазКСР денсаулық сақтау ісі ұлттық комиссариатының жоспар-қаржылық бөлімін басқарды.

Іс-шараны «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы, Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейінің директоры Ғарифолла Әнес жүргізеді.

Шарада Бейбіт Қойшыбаев, Жанар Мұстафина, Оразгүл Мұхатова, Дина Мұхамедханова, Клара Сейітова және т.б зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Асылбек Сейітовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Асылбек Сейітов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, студенттер, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2019 05 13 at 105010   WhatsApp Image 2019 05 13 at 105011

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 192 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.