+7 (727) 267-28-83

0001«Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Наурыз - көктем мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Наурыз мерекесі - бірлік пен үйлесімділікті, халықтың жарқын ойларын және үміттерін бейнелейді. Наурыз мейрамын тойлаудың халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында  тарихи және әлеуметтік-мәдени маңызы бар. Наурыз тек табиғаттың оянуы мен жаңаруы ғана емес, сондай-ақ, ең жақсы, гуманизм мен мейірімділікке ұмтылу үшін өткенге деген көзқарастар мен құрметке қайта оралу. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа стильде өткізуді ұсынды және мерекенің ерекшелігін жаңартты.       

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі көшелерде ірі фестивальдар, халықтық спорт жарыстары, эстрада әртістерінің қойылымдары  және т.б. ұйымдастырылады. Ірі қалалар көшелерінде бауырсақ, наурыз көже және палау фестивальдері өтеді.         

Мереке аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Қош келдің, әз Наурыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Қазақстандағы Наурыз мерекесінің пайда болуы мен ерекшеліктері туралы материалдар ұсынылған. 

      Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 364 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.