+7 (727) 267-28-83

 

adyrna

2019 жылғы 24 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің «Тарихтан тағылым: ұлттық дәстүр және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Аталған конференция Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант негізінде «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында өтті.

Конференцияда тарихи мысалдар негізінде зайырлы қоғам ұғым-түсініктерін насихаттау, рухани құндылықтар арқылы діни-экстримистік ағымдарға қарсы тұру, ұлттық құндылық пен салт- дәстүрімізді өскелең ұрпаққа насиxаттау және қазақы болмыстан ажырамау тақырыбында сөз қозғалды.

Ғылыми-тәжірбиелік конференцияда ақын, этнограф Әбубәкір Қайран "Басты мақсат Ұлттық сананы жаңғырту" атты тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, этнограф, мәдениеттанушы Бердалы Оспан, филология ғылымдарының докторы Бақытжан Сатершинов, филология ғылымдарының кандидаты Ришад Муxитдинов сында ұлт жанашырлары сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шараға ғалымдар, тарихшылар, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Сайтта

Қазір сайтта 142 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.