+7 (727) 267-28-83

oraz

2019 жылғы 12 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбденнің «АБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЦИВИЛИЗАЦИЯ» атты  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шыққан кітабының тұсаукесері рәсімі өтті.

 

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, шараның модераторы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Экономика институтының директоры Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлына сөз кезегін берді.

Уәхит Шәлекенов, Ораз Баймұратов, Халық Абдуллаев, Софы Сматаев, Сағындық Сатыбалдин және Осман Асылы Әлиқызы сынды зиялы қауым өкілдері кітаптың тұсаукесер рәсімін жасап, ізгі-ниеттерін білдірді.

Автор Оразалы Сәбден өз кітабының бірнеше данасын Ұлттық кітапхананың алтын қорына табыстады. Сонымен қатар, кітаптың жалпы құрылымына тоқталып, іс-шараға келген қонақтарға жете таныстырды.

Бұл кітапта жаңа әлемдік өркениетке, 7-ші формацияға өтуге арналған академиктің 10-шақты концептуалды идеялары мен жобалары берілген. Кітап 3 бөлімнен тұрады. 1. Абай әлемінің Қазақстанның жаңа өркениетке өтуге септігі (автордың 15 сөзінде берілген). Оның ішінде Абайдың «Толық Адам» философиялық ілімін іске асыру (І бөлім). 2. Түркі империясының дамуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалар (30) туралы қысқаша мәлімет. Түркі әлемінің қайта жаңғыруына серпіліс беру идеясы, оның тетіктері. Түрік халықтары тарихы атты  көркем суретті панорама (ІІ бөлім). 3. Әлемдік цивилизацияға серпіліс берген ұлы тұлғалар (континенттер бойынша 70 тұлға, ІІІ бөлім). 4. Эволюциялық даму және әлемдік өркениеттің 8 басым бағыттары бойынша (әлемдік діндер, философия, Ғылым және ҒТП, пассионарлық, мемлекет құрылымы, азаматтық қоғам, мәдени-ренессанс) 7-ші формацияға интегралды-инновациялық қоғамға өту жолы.

Шара аясында кітапхана қорынан Оразалы Сәбденнің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылды.

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG 9156 IMG 9124

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 169 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.