+7 (727) 267-28-83

 

muhtar

2019 жылғы 18 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен  өткізілетін қазақ әдебиетінің классигі,  Абайтану ілімінің негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жастардың рухани дамуы және тарихқа  баулу»  атты әдеби кеш өтті.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Бөрілі елді мекенінде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медрессесінде хат танып, 1910 жылы Семей қаласының бес кластық орыс училищесіне оқуға қабылданған. Ең алғашқы шығармасы «Дауыл». 1915 жылы училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданып, Ш.Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, 1917 жылы Ойқұдық деген жерде алғаш сахыналады. Ж.Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналының шығуына ат салысты. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1940 жылы М.Әуезовтің сценариі бойынша «Райхан»  көркем фильмі түсірілді. 1941 жылы «Абай» романының жарық көруі Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. 1954 жылы «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.

М.Әуезов мұрасының аса қомақты бөлігін – оның ғылыми зерттеулері қамтиды. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, жүйелеп, қазақ әдебиет тарихы , Абай өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде ірі еңбектер жазды.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері – М.Әуезов 1961 жылы Мәукеу қаласында өмірден өтті.

Шара аясында Ұлттық кітапхананың алтын қорынан Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2019 06 19 at 110800   WhatsApp Image 2019 06 19 at 110804