+7 (727) 267-28-83

photo6027019369462213040

2019 жылғы 30 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда «Ұлы Дала рухани мұрасы-ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды сақтау тірегі» атты Республикалық ғылыми-тәжірбиелік форум өтті.

Ғылыми-тәжірбиелік форумды ұйымдастырушы: Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы және ҚР Ұлттық кітапханасы.

Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы – бұл барлық салада қызмет ететін ғалым әйелдерді біріктіретін бірінші Республикалық қоғамдық бірлестік. Бірлестік қоғамымыздағы көкейтесті мәселелерге арналған ғылыми зерттеулер, мәдени, әлеуметтік іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады.

Сонымен қатар, Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы отбасы мен гендерлік саясат жөнінде ғылыми-тәжірибелік зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жобаларды әзірлейді.

Дөңгелек үстел форматында өткен бұл форумда «қазіргі адамзат баласы үшін қоғамның құндылықтары не?» деген үлкен проблемалық тақырып жайында сөз қозғалып, талқыға түсті.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды сақтаудағы ұрпақтар сабақтастығының рөлін айқындау.

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

Ұрпақтар сабақтастығы - ұлттық тәрбиенің қайнар көзі;

Ұлттық сананы қалыптастырудағы ана тілінің, төл мәдениеттің және отбасының рөлі;

Заманауи ұлттық сананың жаңғыру үлгісі;

Жаһандағы заманауи ұлттық мәдениет;

Ғылыми-тәжірбиелік форум жұмысына қазақстандық ғалым әйелдер мен республикалық білім және мәдени мекемелерінің қызметкерлері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

photo6029641223658121542   photo6029593644010416450

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 156 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.