+7 (727) 267-28-83

Құрылған жылы – 2017 ж.

ҚКО әлеуметтік бағытталған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

ҚКО-ның қызмет ету мерзімі шектеусіз.

 

ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

ҚКО қызметінің мәні оның мүшелерінің қазақстандық кітапхана ісін дамыту мүддесінде күшін біріктіру, үйлестіру және қолдау, ҚКО мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғау; Қазақстан кітапханаларын әлемдік қауымдастыққа біріктіруге жәрдемдесу болып табылады.

ҚКО қызметінің мақсаты:

деректі ақпараттарда кітапханалық ресурстардың қоғам сұранысына сәйкестігін қамтамасыз етуге; пайдаланушылардың жылдам, толық әрі еш кезергісіз оларды алуына жағдай жасау;

өндірістік және әлеуметтік дамуда қауымдасу, күш пен қаражатты біріктіру, бірлескен қызметтерді ұйымдастыру; кітапханалардың мәртебесін көтеру, олардың заңды, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау негізінде кітапханалардың мүмкіндіктерін кеңейту;

өзекті кітапханалық мәселелерді айқындау, оларды шешуге жұртшылықтың және мемлекеттік органдардың назарын аудару; кітапхана жұмыскерлерінің кәсіби және әлеуметтік құқығын қорғау;

кітапхана жұмыскерлерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, кітапхана кадрларын даярлау деңгейін арттыру;

республика кітапханаларының халықаралық байланыстарын дамыту, олардың кітапхана ісі және ақпаратпен байланысты халықаралық ұйымдарға кіруіне жәрдемдесу; ҚКО мүшелерін кітапхана ісі саласындағы жаңа жетістіктер туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету;

ҚКО мүшелерінің шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру.

Сайтта

Қазір сайтта 70 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.