+7 (727) 267-28-83

koyan

2019 жылғы 20 шілде Ермек Тұрсынов клубында жас қаламгер Мейіржан Жылқыбайдың «Батыр қоян», «Тауға саяхат» атты  кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны модератор белгілі журналист Есей Жеңісұлы жүргізді.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы құттықтау сөзбен ашты.

Корея Республикасы Азия Мәдениеті орталығы жанындағы  театр Қазақстандық жазушы Кеңес Дүйсеннің "Жыл қалай басталады" ертегісін сахналады. Корея Республикасы елшілігінің Алматы қаласындағы бас консулы И Чин Хо мырза және Азия Мәдениеті орталығының  Халықаралық қатынастар бойынша сарапшысы Чжон Бонсу сөз сөйлеп, алғысын білдірді.

Жазушы, драматург, "Платинды Тарлан"  тәуелсіз сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков және жазушы Кеңес Дүйсен  өздерінің жылы лебізін білдіріп, кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.

Шара аясында Алматы қаласының жас өнерпаздары өнер көрсетті. Сонымен қатар, шараға қатысқан бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар таратылды.

Іс-шараға көрнекті қазақ жазушылары Дулат Исабеков, Зейнеп Ахметова, Алматы қаласындағы Корей Республикасының бас консулы Ким Хынг Су,  Корей Республикасы  Азия Мәдениеті орталығының өкілдері, БАҚ өкілдері  және балалар мен оқушылар қатысты.

0   04
06   07

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 106 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.