+7 (727) 267-28-83

001

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы тағы бір жауһар туынды отандық оқырмандарға жол тартты.

Ол – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар Комитетінің шешімімен «Әлемдік мұра» реестріне 2003 жылы енген қолжазбалар қатарына саналатын Сүлейман Бақырғанидің «Хикмат Хазірет Сұлтан әл-Ғарифин» атты мұрасы.

Бүгін Қазақ энциклопедиясы баспасының бас редакторының орынбасары Мауытов Нұрымжан Керейұлы Ұлттық кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесіп, Сүлейман Бақырғани еңбектерінің жинағы «Хикмат Хазірет Сұлтан әл-Ғарифин» кітабын тапсырды.                 

Бас редакторы: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Б.Қ.

Транскрипция жасаған: Мұхамедрахым Жармұхамедов, Мақсұт Шафағи.

Аталмыш кітапты  «Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығарған, директоры Тойбаева Жадыра Нұрбайқызы.

00   002

 

Сайтта

Қазір сайтта 55 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.