+7 (727) 267-28-83

photo5773007543218579890

Жақында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н. А. Искалиева Еуразия кітапханалық Ассамблеясының (ЕКА)  "Халықтың зияткерлік мәдениетін қалыптастырудағы кітаптың алар орны" конференциясына және ЕКА мүшелерінің XXIII жалпы жиналысына қатысты. Іс-шаралар қаланың мерейтойына, сондай-ақ Брест қаласына "2019 жылғы Достастықтың мәдени астанасы" мәртебесінің берілуіне арналған.

 

Конференцияда Н. А. Искалиева "Кітап ел зердесі,  әрі  ұрпаққа – аманат» тақырыбында  баяндама жасады (Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының екінші дүниежүзілік соғыс туралы ақпараттық ресурстары). Беларусь Ұлттық кітапханасына "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет"жобасы аясында кітаптар жиынтығы сыйға берілді. Сондай-ақ Брест қаласындағы А.С.Пушкин атындағы  Орталық қалалық кітапхананың  қоры қазақстандық басылымдармен толықты.

ЕКА мүшелерінің XXIII жалпы жиналысында баспа басылымының электрондық түрдегі міндетті данасы мәселесі бойынша бірыңғай тәсілдерді белгілеуге қатысты  модельдік ұсынымдардың әзірленуі  талқыланды. Жиналысқа қатысушылар РМК дирекциясының кеңесшісі Н. А. Сахаровтың сараптамалық кеңес және модельдік ұсынымдарды әзірлеу бойынша Мемлекетаралық жұмыс тобын құру ұсынысын мақұлдады.

Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен ТМД-да  2020 жыл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  75-жылдығы ретінде атап өтіледі. Қатысушылар ҰОС жылдарындағы ТМД кітапханаларының қызметіне арналған фильмнің тұжырымдамасын талқылады. 

Конференцияға қатысушылар үшін Брест бекінісі бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Бүгінгі күні "Брест қамалы-қаһарман"  ескерткіші  Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес халқының ерлігіне арналған посткеңестік кеңістіктегі ең ірі ескерткіш болып табылады.

photo5772784849164282207 photo5772878402141923744
photo5772997982621378971 photo5773044698980657570

 

Сайтта

Қазір сайтта 125 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.