+7 (727) 267-28-83

DSC 020219.09.2019 ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова Алматы қаласының  зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауын жүзеге асыруға орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова еліміздің Ұлттық кітапханасында Алматы қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова қысқаша сөз сөйлеп ашты және жүргізіп отырды.

Министр А.Р. Райымқұлова Мемлекет басшысының жолдауы аясында еліміздің мәдениет пен спорт салаларында атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды және қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Е.А. Раушанов, танымал жазушылар К.С. Сегізбаев, Ш.Н. Сариев және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясының бас директоры А.Ы. Бөрібаев, М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Ю.А. Якушев және басқалар сөз алып, жазушылардың кітаптарын шығару, қаламақы төлеу, авторлық құқықты қадағалау, мемлекеттік мекемелердің қызметіне қажетті тауарлар мен жұмыстарды сатып алу секілді бірқатар мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, А.Р. Райымқұлова Ұлттық кітапхананың «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімін аралап көрді.

DSC 0105   80e2171d c3c8 407d bace 5ff1f0bf4758
DSC 0209   DSC 0216

 

Сайтта

Қазір сайтта 79 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.