+7 (727) 267-28-83

812019 жылғы 19 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстанның құрметті журналисі, «Еңбек ардагері» медалінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Итен Қарымсақұлының «Жақсының жарығы» атты кітабының және Ұлттық кітапханадан арнайы шығарылған библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Итен Қарымсақұлы 1939 жылы 20 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданының № 3 ауылында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алған. Свердловск қаласындағы округтік әскери тілшілер мен сержанттар даярлайтын әскери мектептерді тәмамдаған. «Қоңыр қалам» ,«Адамдар. Жылдар. Тағдырлар», «Жүрек жазбалары», «Даланың өзіндей, дананың көзіндей», «Жаса, жаса, жарық күн!» атты кітаптары жарық көрген.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзімен ашып, Ұлттық кітапхананың VIP оқырман билетін табыстады.

Шараның модераторы ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыр Жақып,  Итен Қарымсақұлына арналған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза мен Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет мырзаның құттықтау хаттарын жеткізіп, Қазақ   журналистика саласының қайраткері төс белгісімен марапаттады.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Итен Қарымсақұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.