+7 (727) 267-28-83

DSC 0001

2019 жылғы 24 қыркүйекте, 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық қолдау жөніндегі «Көшбасшылар трибунасы» жобасы аясында  «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, жазушы, журналист Айдарбекова Күлия Смайылханқызымен кітапханалық кездесу (журфикс) өтті.

 

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.

Шараның модераторы: ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Эльмира Азретбергенова.

Кездесуде актер Б.М. Есенәлиев сөз алып Күлия Смайылханқызының шығармашылығына тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Найманбай Асан «Маңғытай шежіресі» атты кітапты сыйлай отыра, Күлия Смайылханқызының еңбектеріне тоқталып, шығармашылық табыс тіледі. Шараға қатысқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚазҰҚызПУ студенттері өз көкейлеріндегі сұрақтарына қонымды жауап алып, естелік суретке түсті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Күлия Смайылханқызының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға кітапхана мамандары мен Алматы қаласының ЖОО кітапхана мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

DSC 0011   DSC 0021
DSC 0069 1   DSC 0096

 

Сайтта

Қазір сайтта 93 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.