+7 (727) 267-28-83

11«Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған «Теңіздей толқыған қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов Қызылорда облысы Арал ауданының Құланда ауылында дүниеге келген. 1942 жылы орта мектепті бітіріп, он сегіз жасында Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1941-1945 жылдары жауынгердің әскери жолы Ұлы Отан соғысының отты жолдарымен қатар өтті.

1956 жылы М. Горький атындағы Мәскеу әдеби институтын бітірді. Ә.Нұрпейісовтің баспасөздегі алғашқы сөздері 1949 жылдан бастап жарияланды. 1962-1964 жылдары – «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі, 2000 ж. «Таң-Шолпан» журналы редакторлар кеңесінің төрағасы болды.

1950 жылы Ә.Нұрпейісовтің Ұлы Отан соғысы туралы «Курляндия» атты алғашқы романы жарық көрді. Роман көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, Жамбыл атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» тарихи және революциялық трилогиясын жазуды 1947 жылы жоспарлаған. Автор өзінің жұмысын жиырма жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жазды. Алпауыт әлем үш кітапта пайда болды: Бірінші кітабы «Ымырт» (1961), Екінші кітап «Сергелдең» (1964), Үшінші кітап «Күйреу» (1970). Романда 1916-1918 жылдардағы қазақ халқының қиын тағдыры, үлкен қайғы –қасіреттер, көшпелі өмірдің құлдырауы, ру-тайпалық байланыстар мен моральдың құлдырауы туралы жазылған. Бұл даланың оянуы туралы кітап. Әлеуметтік жалпылаудың кеңдігі, психологиялық талдаудың жіңішкелігі, ерекше ұлттық белгілердің жарықтығы Арал балықшыларына арналған бұл трилогияны тек қазақтың ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің елеулі құбылысына айналдырды.

«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы тек Ә. Нұрпейісовтің ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің жетістектері. Ерекше жұмысы үшін жазушы халық тарапынан жоғары бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Қан мен тер» романының әдеби сценарийі бойынша көркем фильм түсірілді, пьесалар қойылды. Кітап әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Ә. Нұрпейісов көптеген очерктердің авторы: «Толғау», «Жүрегі толы жыр еді», «Көгілдір көлдер өлкесі», «Естелік керуендері», «Менің тағдырым, менің қасіретім – менің Аралым». Жазушы 1987 жылы жерлес-балықшылар, Арал теңізінің жағдайы туралы «Парыз» кітабын, 1993 жылы «Соңғы парыз» роман-дилогиясын шығарды.

Жазушы көптеген шығармашылық уақытын аударма қызметіне арнады. Жазушының жарқын үлгісі мен үлкен жетістігі испан драматургы А.Кэсонның, орыс әдебиетінің классиктері А.Чеховтың, М.Горькийдің, Н. Хикметтің пьесалары және т.б. қазақ тіліне аударылған аудармалары болып табылады.

Әскери және шығармашылық еңбегі үшін Ә. Нұрпейісов «Қызыл Жұлдыз» (1945), «Құрмет белгісі» (1958), «Еңбек Қызыл Ту» (1970), «Отан» (1994) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған «Теңіздей толқыған қаламгер» атты кітап көрмесінде Ә. Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы, оның еңбектері мен ол туралы әдебиеттер ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!