+7 (727) 267-28-83

photo5898767424050801043

2019 жылғы 29 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Алматы қалалық филиалы  «Жоғары құқықтық мәдениет, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты төмендетудің негізгі талабы ретінде» атты дөңгелек үстел өткізді.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін модератор «ЖАҢАРУ» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Өскенов Қанат Камзейұлына берді.  

Сонымен қатар дөңгелек үстелде Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Превенция және адалдық агенттігінің департаменті басқармасының қызметкері Алимжанов Санат, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің профессоры, ҚР Еңбек сіңірген дәрігері Мұстафина Жанар, Л. Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол акaдемиясының проректоры Бекбол Рамазан, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының мүшесі В.Н.Козлов, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің 4 курс студенті А.С.Окаева сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.                        

Іс-шараға «ЖАҢАРУ» қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы кеңесінің мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен студенттер және  БАҚ өкілдері қатысты.

photo5898887245048424856   photo5896878909750880781
photo5896374714950068789   photo5896563693511092651