+7 (727) 267-28-83

111

2019 жылғы 1 қараша, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының  Кітапханатану залында әйгілі қазақстандық жазушы Герольд Карлович Бельгердің 85 жылдығына арналған «Три струны моей души...» атты Алматы қалалық оқырмандар байқауы өтті.

Герольд Белгер – неміс, қазақ, орыс тілдерін бірдей меңгерген танымал жазушы. Аудармашы, прозашы,  жазушы, публицист, әдебиеттанушы. Көптеген романдардың, әңгімелер мен әдеби-сын еңбектердің авторы.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Открытая школа» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналы, «Wiedergeburt немістер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі. Ұйымдастыру комитеті кітапханашылар, мұғалімдер, суретшілер мен мәдениет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Г.К.Бельгердің  отбасы мүшелері.

Байқаудың мақсаты – қатысушыларға Қазақстанның  мәдениетін және көптілді қоғамның дәстүрлері мен құндылықтары негізіндегі  Г.К.Бельгердің сан алуан жұмысымен таныстыру.

Байқау үш номинация бойынша өтті: Г.К.Белгерьдің шығармалары, оның әр жылдары жазған аудармалары мент очерктері. Балалардың өнерін әділқазылар алқасы бағалады, оның құрамында: жазушының жұбайы Р.З. Хисматуллина мен қызы, И.Г. Ковалева, «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық (DAZ) газетінің редакторы Л.Г. Гордеева, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Р.Е. Абкеев,  ҚР Ұлттық кітапханасы  Баспа қызметінің жетекшісі Л.А. Егорычева және «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жарқналова болды.

Оқырмандар байқауына Алматы қаласындағы 15 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысушылар Г.К. Бельгердің әртүрлі жанрдағы қазақ, неміс және орыс тілдерінде жазылған шығармалар жинағынан  үзінділер  оқыды. Олар Г.К.Бельгердің шығармаларынан үзінді ғана оқып қоймай,  сонымен қатар сезімдері мен ойларын  жарқын  ашуға және ойлары мен эмоцияларын бинелі түрде жеткізуге тырысты.

Байқауға қатысушылардың барлығы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға Г.К.Бельгердің сыйлық кітаптары табысталды.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Г.К.Бельгердің өмірі мен шығармашылығына арналған  мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалары мен  ол туралы естеліктерінен кітап  көрмесі,  сонымен қатар мемориалдық бөлмесіне экскурсия ұйымдастырылды. Шара соңында Г.Бельгердің отбасы байқаудың барлық ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп, жазушының қызы И.Г.Ковалева әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетті.

114   111
122   120

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.