+7 (727) 267-28-83

DSC 0496

2019 жылғы 5 қараша, сағат 11.00-де Н. Қ. Дәулетова атындағы залда  Алматыдағы РФ Бас консулдығы мен Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінің қолдауымен Ресей музейтанушылары Светлана Тарасюкпен және Александра Носковамен кездесу өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А. Х. Юсупова жүргізді.

Танымал музейтанушылар «Станция қараушысы үйі» мұражайының тарихы туралы, сонымен қатар А. С. Пушкиннің әңгімесі бойынша дәріс оқыды. Кездесуде бұрынғы пошта бекетінің және мұражайдың тарихымен танысты. Шараға қатысушыларға А.С.Пушкиннің «Станция қараушысы үйі» повесін талқылау ұсынылды. Музей қызметкерлерінің музей тарихы туралы әңгімелері бейнероликпен сүйемелденді. Мұражай сабағында оқушылар ХІХ ғасырдың әдептілік нормалары мен әдет-ғұрпы туралы мағлұмат алды.

Кездесуге №124 мектептің, «Достар» халықаралық мектебінің, NGS(New Generation School) (Жаңа Ұрпақ Мектебі) мектебінің, №134 лицейдің, №135 мектептің оқушылары мен мұғалімдері, А.С. Пушкин шығармашылығын сүйетіндер қатысты. Оқушылар музей, оның шығу тегі, А.С. Пушкиннің шығармалары, ҚР Ұлттық кітапханасының «Станция қараушысы үйі» мұражайынан келген бүгінгі сөз сөйлеуішілермен байланысы туралы  сауалдарын қойып, оған қонақтар мен кітапхана әкімшілігі ықыласпен жауап берді.

DSC 0439   DSC 0455
DSC 0459   DSC 0505

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 67 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.