+7 (727) 267-28-83

photo5382112729839545357

2019 жылғы 21 қарашада  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Қазақ-араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Шараны   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті,  Сауд Арабиясы Корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы халықаралық араб тілін қолдау Орталығы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелді  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.

Іс-шараның модераторы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы.

Шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы халықаралық араб тілін қолдау Орталығының профессорлары Абдулла Ибрахим Әл-Хокил, Махмұд ибн-Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд және Абду ар-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан ас-Сулами қатысты. Олар       аталмыш орталықтың жұмысына тоқталып, екі ел ынтымақтастығын сөз етті.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан «Қазақ-араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты көрме ұйымдастырылды.

Шараға мұғалімдер, студенттер және кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

photo5382112729839545339   photo5382112729839545336   photo5381811944689871907
photo5381924739120999630   photo5382112729839545341   photo5382112729839545354