+7 (727) 267-28-83

image 26 11 19 05 11 5Бүгін, Алматы энергетика және байланыс университетінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өтті. 

Шараға  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы, директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы, «Көрмелер және мәдени бағдарламалар» қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы қатысты.

«Дөңгелек үстел» басында Ұлттық кітапхана атынан Б.Ж. Жүнісбеков және Н.А. Искалиева сөз сөйледі.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылып,  Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы қатысушыларды кітап көрмесімен таныстырды.

image 26 11 19 05 11 2   image 26 11 19 05 11 3
image 26 11 19 05 11 6   image 26 11 19 05 11