+7 (727) 267-28-83

photo54020704464316446232019 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, география ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әлия Сәрсенқызы  Бейсенованың «Қазақ елінің экологиялық ахуалы», «Қазақ елі – мәңгілік ел», «Kazakh yely – mangilik yel» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан   Жазушылар Одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор – ғалым-экономист, профессор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына берді.

Мерекелік шарада ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік  Қирабаев, ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин,  биология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Сапаров, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет  Қойгелдиев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Рахымжан Елешев және тағы басқалар Ә.С.Бейсенованың шығармашылығына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара аясында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Әлия Бейсенованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекелік кешке зиялы қауым өкілдері, студенттер, оқушылар, кітапхана қызметкерлері мен  оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

photo5402070446431644624   photo5402070446431644626
photo5402430326036343936   photo5402430326036343948