+7 (727) 267-28-83

 

Салық Зиманов атындағы Диссертациялар бөлімі қорында ғылымның барлық саласын қамтитын 62 000  данадан  астам Қазақстан Республикасы және ТМД елдері ғалымдарының кандидаттық және докторлық диссертацияларының бірегей ғылыми  қоры  жинақталған,  соның ішінде  37000-нан астамы диссертациялардың  микрофишалары болып табылады.

   Сонымен қатар оқырмандарға: 
- Қазақстан Республикасы және ТМД елдері ғалымдарының ағымдағы жылдағы авторефераттары; 
- Қазақстан Республикасы  диссертацияларының дәстүрлі (1982 ж. бастап) және  электронды каталогы (1992 ж. бастап); 
- Ресей ғалымдарының СD, DVD форматындағы диссертациялары; 
- 2000 жылдан бергі  Қазақстан және Ресей ғалымдарының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының реферативтік жинақтары; 
- Ресей Мемлекеттік кітапханасының Диссертациялық электронды кітапханасында жинақталған Ресей ғалымдарының 760 000 данаға жуық диссертациялары мен авторефераттарының толық мәтіндерін on-line желiciнде қарап шығу мүмкіндігі ұсынылады.

    Оқырмандарға көрсетілетін қызметтер: 
-  диссертациялар қоры, ҚР Ұлттық кітапханасы электронды каталогы және РМК Электронды диссертациялар кітапханасы қоры бойынша ақпараттық қызметтер көрсету; 
-  тақырыптық сұранымдар бойынша ауызша анықтамалар беру; 
-  дәстүрлі және электронды каталогтарды қолдану жөнінде кеңес беру; 
-  микрофишаларды оқуға арналған құрылғылармен қамтамасыз ету; 
-  деректер базасы мен өзге де дереккөздер бойынша техникалық қызметтер көрсету (көшірме жасау, басып шығару).

 Қатынас-хат үлгісі 

Бөлім жетекшісі:
Рақышева Ақмарал Болатқызы

Байланыс тел.: (7272)72-57-09

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.