+7 (727) 267-28-83

photo5445080665545616668

2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы аясында «Желтоқсан –тәуелсіздіктің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан   Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, актер Есенәлиев Байғали Мақұлбекұлына берді.

Шарада Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының өкілі Сәрсенбай Бекжан Қалиұлы, қоғам қайраткері, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім, ф.ғ.д. профессор Анар Салқынбай, «Ана тілі» газетінің бас редакторы, ақын Жанарбек Әшімжан, bugin.kz порталының өкілі Марғұлан Ақан және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқын азаматтар  өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Кемелханова Гүлжайна мен Елібаева Ақмарал әнмен шашу шашып, «Жас қалам» жастар бірлестігінің мүшелері Мұтқұрбанов Елбек пен Ширен Ажар арнау өлеңдерін оқыды.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Желтоқсан рухы өлмейді» атты көрме ұйымдастырылды.  

photo5445377903052303236   photo5445080665545616670
photo5445080665545616675   photo5445080665545616674