+7 (727) 267-28-83

DSC 00082020 жылғы 15 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Galamshar adebieti – Global litera» әдебиет және мәдениет альманах журналының таныстырылымы өтті. 

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор – белгілі диктор, ҚР Мәдениет қайраткері Аманжан Еңсебайұлына берді.

Шара барысында Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағының президенті, ақын, сазгер, аудармашы Қайрат Дүйсен-Пармен,  БҰҰ өкілі Әбен Нұрманов, Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің Басқарма Басшысы және Саяси тобының жетекшісі Алмаша Аренова, Үндістан Бас Консулыдығының дипломаты Мартин Сирияк Клеманс, Өзбекстан Бас Консулдығының дипломаты Дилшот Сабиров, Қырғызстан Бас Консулдығының дипломаты Сейдалиева Жұлдыз және тағы басқалар «Galamshar adebieti – Global litera» әдебиет және мәдениет альманах журналына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.

 Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялы қауым  мен БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0002   111111
DSC 0010   DSC 0011