+7 (727) 267-28-83

1ceda73e9d7c65ddfb392851e67c07ad

Әлем әдебиеті залында Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы (1941–1945 гг.) Жеңісінің 75-жылдығына арналған «Еске алу және даңқ жылы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж. - Кеңес Одағы тарихының ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік тарихтың бірегей құбылысы. Әлем халықтарының демократиялық жетістіктері, олардың материалдық және рухани мәдениеті құтқарылып, бұрын басып алынған жерлер қайтарылды, халықтардың бірігу үрдісі аяқталды. Фашистік Германияның нәсілшіл режимі жойылды, әлемдік өркениет фашизмнен құтқарылып, дүниежүзілік тарихтың қарқынды векторы сақталды. Соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу үшін халықаралық құқық жаңа мазмұнмен толтырылды, нацизм теориясы мен тәжірибесі әлемдік қауымдастықпен айыпталды, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды.

«Еске алу және даңқ жылы» кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы туралы әдебиеттермен таныстырады. Екінші бөлім Жеңіс маршалдары туралы материалдарды, И. Сталин, Г. Жуков, И. Рокоссовский және басқа да Ұлы Отан соғысының қолбасшылары туралы кітаптарды ұсынады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы тарихына жаңа көзқарас көрініс беретін әдебиеттер берілген. Үшінші бөлімде «Кеңес одағының батырлары - қазақстандықтар»  кітаптары ұсынылған. Соғыс жылдарында  әскерге 1 млн. 200 мың қазақстандық шақырылды. Ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Көрменің төртінші бөлімі соғыс туралы көркем әдебиеттермен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияларда көркем және құжаттық проза, поэзия туындылары, мұрағаттық құжаттар, өмірбаяндық очерктер мен өткен соғыстың жекелеген кезеңдері мен жауынгерлік көріністері туралы, Ұлы Отан соғысына қатысушы – қазақстандықтар, сарбаздар тағдыры, Қазақстанды майдан үшін қуатты Арсеналға айналдырған тыл еңбеккерлері туралы әңгімелер және олардың ерен ерліктері туралы кітаптар, фотоальбомдар мен материалдар жинақтары ұсынылған.

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әр жылдары жарық көрген кітаптар қойылды.

Тілек білдірушілерді  көрмеге шақырамыз!