+7 (727) 267-28-83

0 002020 жылғы 25 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында 2020 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын іске асыру жөніндегі талқылау дөңгелек үстелі өтті.

Шараның модераторы – ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы.

Дөңгелек үстел аясында ғалым Сабденов Оразәлі Сәбденұлы, заңгер, заң ғылымдарының  докторы  профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Сәбікенов Салахиден Нұрсарыұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Ісмақова Айгүл Серікқызы, ғалым-офтальмолог, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Мұстафина Жанар Ғабиденқызы  және тағы басқалар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына тоқталып, бүгінгі қоғамдағы Абай әлемінің насихатталу деңгейіне өз пайымдауларын айтты.

Дөңгелек үстелге зиялы қауым, кітапхана қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

0 01   0 02
0 03   0 04