+7 (727) 267-28-83

1

2020 жылғы 29 ақпан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстандағы Алғыс айту күніне арналған көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мерекенің мақсаты − өскелең ұрпақты төзімділікке, достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға, сондай-ақ этносаралық келісім мен этникалық байланыстарды нығайтуға тәрбиелеу. Алғыс айту күні – бұл қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың, әрбір азамат бір-біріне құрметпен қарап, қиын уақытта көрсетілген құрмет пен мейірімділік үшін Қазақстан халқына деген ризашылықтарын білдіретін жарқын күні.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан көрмеге әртүрлі ұлт өкілдерінің тарихын және қазіргі өмірін, жер аудару үдерістерін, оларды орналастыруды, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және өнерін паш ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 100-ден астам кітаптар мен журналдар ұсынылды.

Мерекелік шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж.Бабақұмаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Н. Балғымбаев, Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері және т.б. қатысты.

2   3