+7 (727) 267-28-83

25«Қазақстан  кітаптары» оқу залында «Ата заң - тәуелсіздіктің тірегі» атты Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы  болып табылады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтық құрылымның жалпы     принциптерін белгілейтін негізгі құжат. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы  28 қаңтарда қабылданды. Конститутция  қабылданып  болған соң 1995 жылы әлеуметтік құрылымды және қоғамдық өмірді өзгертуде, жаңа тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында, Қазақстан Республикасының заңнамасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қайта құру мен реформалардың терең дамуы анықталып жаңа Конституцияның қабылдануына алып келді. Жалпы  Конституция  9 бөлім және 98 баптан тұрады.

Конституцияның маңызды артықшылықтарының бірі оның жалпыға бірдей танылған демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бағдарлануы болып  табылады. Қазақстан халқы Конститутциясының кіріспесінде жарияланған бостандық пен теңдік идеалдарына адалдығы оның нормаларында нақты расталды.

Қазақстан бүгінде көптеген елдер үшін үйлесімділік пен бірліктің үлгісі болып табылады. Республика кішігірім халықтардың рухани және тарихи ерекшелігін сақтайды.  Этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді сақтау тәуелсіз Қазақстанның маңызды және сөзсіз жетістігінің бірі болды. Ұлттық бірлікті нығайту біздің еліміз бен халқымыз үшін сәтті болашақтың кепілі болып қала бермек.

Конституцияның 25 жылдығын мерекелеу аясында дәстүрлі түрде түрлі шаралар өткізіледі: ғылыми және тәжірибелік конференциялар, кітапханалардағы тақырыптық кітап көрмелері, ақпараттық білім беру сыныптары, мұражай көрмелері, жиналыстар, фестивальдар, көркем өнерпаздар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерттері, экскурсиялар және т.б.

«Ата заң – тәуелсіздіктің тірегі» атты кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан мемлекет және құқық тарихын, құқықтық жүйенің қалыптасуы мен заң саясатын, сондай–ақ,  Қазақстан Консититуциясын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсететін әдебиеттер ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 339 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.