+7 (727) 267-28-83

0 00

2020 жылғы 12 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастыруымен өткен «Жаңа замандағы кітапхана үрдістері» атты халықаралық онлайн-семинарға қатысты.

Онлайн-конференция жұмысы барысында Ұлттық кітапхананың Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.У.Сыдыкжанова «Каталогизатор мектебі: On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» тақырыбында дәріс оқыды. «Жаңа замандағы кітапхана үрдістері» онлайн-семинарының жұмысында инновациялық әдістерді қолдану негізінде кітапхана процесстерін басқару мәселелері, кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа формаларын енгізу, кітапхана процесстерін жаңғырту, кітапхана ресурстарын басқару әдістерін жетілдіру, заманауи пайдаланушының қажеттіліктерін зерделеудегі қазіргі заманғы тәсілдерді меңгеру мәселелері қарастырылды.

Онлайн семинарға облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханаларының мамандары қатысты. Сондай-ақ,  Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы директорының кеңесшісі Н.А. Аракчеева "Вебландия" және балаларға арналған үздік сайттар жобасын таныстырды.

0 01