Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметі дайындаған «Қазақстан кітапханалары – 2019 жыл. Мәліметтер мен сандар» шолу жарық көрді. Шолу ҚР кітапхана ісінің салыстырмалы-статистикалық зерттеулерін қамтиды.
«Шолудың» негізін бес ведомство кітапханаларының (үш министрлік және екі акционерлік қоғам) жұмысы туралы сандық деректері бар кестелер құрайды. Кестелер қосымшада орналастырылады. Қосымшаның 1-бөлігінде ҚР Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ), «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы («РҒТК» АҚ) және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы («КТЖ» ҰК» АҚ) кітапханалары жұмысының негізгі көрсеткіштері бар кестелер орналастырылған.
Негізгі көрсеткіштердің кестелері әрбір ағымдағы жылдың басында ҚР Ұлттық кітапханасының сұратуы бойынша жоғарыда аталған ведомстволардың әдістемелік орталықтары ұсынатын ақпараттық-статистикалық анықтамалар негізінде жасалды. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің кітапханалары жұмысының негізгі көрсеткіштері бар ақпараттық-статистикалық анықтаманы Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхана ұсынады. Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының жұмысы туралы ақпараттық-статистикалық анықтаманы осы кітапхананың әдістемелік бөлімі ұсынады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүйесі кітапханалары жұмысының негізгі көрсеткіштері бар ақпараттық-статистикалық анықтаманы Республикалық ғылыми медициналық кітапхана ұсынады. Республикалық ғылыми-техникалық кітапханалары бойынша ақпараттық-статистикалық анықтаманы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» акционерлік қоғамы ұсынады. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кітапханалары бойынша ақпараттық-статистикалық анықтаманы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы техникалық орталығының ғылыми-техникалық кітапханасы ұсынады.
Көпшілік кітапханалар жұмысының негізгі көрсеткіштері бар кестелер қосымшаның 2-бөлігінде топтастырылған. Көпшілік кітапханалардың жұмысы туралы сандық деректері бар кестелер «Қазақстан кітапханалары: фактілер мен сандар» электрондық базасы негізінде жасалған (http://stat.nlrk.kz/). Сандық деректерді электрондық базаға жыл сайынғы есепті кезең ішінде көпшілік кітапханалардың әдістемелік орталықтары енгізеді.
«Шолуда» кестелердің мазмұнын көрсететін сызықтық, секторлық, бағандық диаграммалар орналастырылған. Диаграммалар тиісті логикалық бірізділікте орналасқан, жіберу аппаратымен және түсініктемелермен жабдықталған.
«Шолу» кітапханалық жұмыс көрсеткіштерінің абсолюттік, орташа және салыстырмалы шамаларын жүйелейді. Статистикалық деректерді меңгеру кітапхана ісінің жағдайы мен дамуының көптеген мәселелерін, соның ішінде Қазақстан халқына кітапханалық қызмет көрсету мен қамтудың маңызды аспектілерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
«Шолуды» зерттеу жұмыстары мен педагогикалық үрдісте қолдануға болады. Қазақстан Республикасының кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана факультеттерінің оқытушы құрамы мен студенттеріне, статистикалық мекеме қызметкерлеріне, кітапхана ісіне қызығушылық танытатындарға арналған.