2020 жылғы 21 тамызда археолог Дильмухамедов Олег Ельтокович Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына араб графикасымен жазылған баспа қолжазбасының жеке парақтарын, 1907 жылғы А. Ф. Марксъ «Географическій и статистическій карманный атласъ Россіи» және 1948 жылғы «Атлас истории СССР» атты сирек басылымдарды сыйға тартты.
Атластарда әр жылдардағы халықтың тығыздығы, тілдері мен диалектикалық ерекшеліктері, ел аумағы, мал саны, өндірісі туралы толық статистикалық мәліметтер келтірілген.⠀
Олег Дильмухамедов - көптеген ғылыми мақалалардың авторы, ұзақ жылдар бойы ҚР мәдениет ескерткіштерін қорғаудың орталық кеңесінде қызмет атқарды және «Жібек жолы» республикалық эстетикалық орталығын басқарды. 1990 жылдардың басында ҚР ҰҒА Археология институтымен бірге 25 мемлекет қатысқан Жібек жолының қазақстандық бөлігі бойынша ЮНЕСКО бастамасымен халықаралық экспедиция жүргізді.
ҚР Ұлттық кітапханасы Олег Ельтоковичке бірегей басылымдары үшін шынайы алғысын білдіреді. Сыйға тартылған кітаптар кітапхана қорында лайықты орын алып, өз оқырманын табатынына сенімдіміз.