18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің Жас ғалымдар кеңесі мен Челябинск мемлекеттік «Заманауи кітапхана» мәдениет институты ұйымдастырған халықаралық онлайн-дәріске қатысты.
Лицензиялық электрондық ақпараттық ресурстар қорын толықтыру, лицензиялық электрондық ақпараттық ресурстарды корпоративтік пайдалану жөніндегі ұлттық консорциумның жұмысы, сондай-ақ виртуалды оқу залы арқылы бірыңғай электрондық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру бойынша Беларусь Ұлттық кітапханасының жұмыс тәжірибесі қаралды.
«Беларусь Ұлттық кітапханасының виртуалды оқу залы – электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің бірыңғай нүктесі» атты ашық дәрісті Беларусь Ұлттық кітапханасының корпоративтік өзара әрекеттестік бөлімінің меңгерушісі М.В. Рудаковская оқыды.