+7 (727) 267-28-83

9898986

«РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2020»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында мәдениет саласында тәжірибе алмасу, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау мен аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету мақсатында үшінші рет Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2020» фестивалі онлайн форматта ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Қарсақбайқызы және қазылар алқасының мүшелері, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы,

Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-нык академигі, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Өңірлерде іріктеу кезеңі 14 қыркүйекке дейін өтіп, үздік шыққандар республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Ал, республикалық байқау бүгіннен басталып қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады.

Қазылар алқасының мүшелері екі күн бойы онлайн форматта қатысушылардың еңбектерін бағалайды.

Республикалық кезеңге қатысу үшін еліміздің 17 өңірінен 180-нен астам өтінім келіп түсті. Соның ішінде кітапхана саласы бойынша – 80 өтінім, музей ісі бойынша – 42 өтінім, мәдениет үйлері, клубтар саласы бойынша – 60 өтінім.

Ал, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн форматта немесе карантин талаптарын сақтай отырып тек қана жеңімпаздардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтеді деп жоспарлануда. Марапаттау рәсімі ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Youtube, Facebook ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Бабы мен бағы қатар жанған таланттар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

 

555555   666666