+7 (727) 267-28-83

restovrasia1

6-қазанында ҚР Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш. Сәрсенбаева «РФ 2021-2030 жж. кітапхана қорларын сақтау бағдарламасының III кезеңінің жобасын талқылау» Ресей мемлекеттік кітапханасының онлайн-конференциясына қатысты.

Іс-шараның мақсаты: кең аудиторияны кітапхана қорларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстармен таныстыру; аймақтық кітапханалар базасында  қалпына келтіру орталықтарының модельді  желісін құру; пайдалану үрдісінде қорларды сақтау; кітапхана қорларын сақтау және кітапхана қорларын консервациялау саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша мамандарды оқытуды ұйымдастыру.

Конференцияда келесі бағыттарды әзірлеушілер: А.А.Сошнин  жобалық кеңсенің басшысы, РМК қорларының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының бастығы; О.А.Саломатина РМК қорларының сақталуын қамтамасыз ету басқармасы кешенді жобалар бөлімінің бастығы; А.А. Кащеев РМК кітапхана қорларын қалпына келтіру бөлімінің алдын-ала консервациялау секторының меңгерушісі; Е.Н.Гусева РМК мемлекеттік және басым жобалар департаментінің директоры; А.Г. Горяева Санкт-Петербург қаласы кітапхана қорларын консервациялау Федералды орталығының жетекшісі және Динеева О.В Мәскеу қаласы Мемлекеттік көпшілік тарихи кітапханасына қызмет көрсету жөніндегі директордың орынбасары сөз сөйледі.

Сайтта

Қазір сайтта 504 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.