+7 (727) 267-28-83

RGB

5-16 қазан аралығында ҚР  «Орталық мемлекеттік мұрағат» РММ мамандары – А.М. Айқазы, Д.Н. Досанбеков және Б.С. Ұқатаев Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы базасында ұйымдастырылған Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өтті.

Орталық мемлекеттік мұрағаттың  мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінде жүргізілген құжаттарды сақтаудың заманауи әдістерімен таныстырылды. Сондай-ақ, құжаттық мұраны сақтау бойынша технологияларын игерді. Атап айтқанда: превентивті және фазалық консервациялау; құжаттардың зақымдану себептері мен түрлері; биологиялық зақымданған құжаттарды өңдеу әдістері; қағаз негізіндегі кітаптарды қалпына келтіру; түптеуді дайындау; Photoshop бағдарламасындағы мұқабаларды әрлендіру негіздері; сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру ерекшеліктері. Қағаз құжаттарды және режимді сақтаудың маңыздылығы атап өтілді: температуралық- ылғалдылық, жарық және санитарлық-гигиеналық бақылау.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры  Б.Қ. Оспанова  құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша курстан өткені туралы сертификаттарды  табыстады.

RGB1   Rgb2   gb3

 

Сайтта

Қазір сайтта 427 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.