Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан кітапханалық Одағының жанындағы Виртуалды кітапханалық мектебі қызметінің аясында 2020 жылғы 26 қазан - 3 желтоқсан аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандарына кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курсын жүргізеді.
12 қарашада Анықтама-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Рахимова Анар Кәріпбайқызы және топ жетекшісі Жұмаева Алия Советқызы «Библиографиялық анықтамалар орындау технологиясы. Кітапхананың анықтама-іздеу аппаратын қолдану» тақырыбында сабақ жүргізді.
![]() |