+7 (727) 267-28-83

Қазақстан кітапханалары – 2017 жыл. Мәліметтер. Сандар: Ақпараттық-сараптамалық жинақ / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Г. Искакова,  Л.Б. Абдрахманова, А.Н.Шуленбаева; жауапты ред.:  Г.А. Маханбетова.–Алматы, 2018.–70 б.

Сараптама-статистикалық жинақ Қазақстан Республикасындағы көпшілік кітапханалардың есебі  және ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz)  орналасқан 2017 жылғы «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» электронды дерекқоры негізінде құрастырылған.
Басылымда ҚР Ұлттық кітапханасындағы, Астана қ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы және облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардағы кітапхана ісінің жағдайы мен дамуы туралы статистикалық және аналитикалық есептер жинақталған. 
Қосымша кестелерде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік көпшілік кітапханалар туралы 2016-2017 жж. негізгі салыстырмалы көрсеткіштер берілген. 
Жинақ кітапхана мамандарына, ғылыми қызметкерлерге және жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған.

Қазақстан кітапханалары – 2016 жыл. Мәліметтер. Сандар: Ақпараттық-сараптамалық жинақ / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Л.Б. Әбдірахманова, Г.Г. Искакова, А.Н.Шуленбаева; жауапты ред.:  Г.А. Маханбетова.– Алматы, 2017.–71 б.: кесте.

 Сараптама-статистикалық жинағында Қазақстан Ресупбликасындағы кітапханалар және олардың кітапханалық қызметі туралы қысқаша мәлімет берілген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорына республикадағы жетекші кітапханалар мен облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар тарапынан онлайн тәртіпте енгізілген 2016 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері мен ақпараттары бойынша және облыс кітапханаларының есептерін саралау, зерделеу негізінде дайындалды. Қосымша кестелерде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жұмысының 2015-2016 жж. барлық бағыттағы негізгі көрсеткіштері  және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының негізгі көрсеткіштері ұсынылған.

Басылым кітапхана мамандарына, зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлерге және жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

"Кітап&Кітапхана" журналынан республикадағы кітапхана және кітап ісі саласының ғылыми, тәжірибелік және сараптамалық мазмұндағы мақалаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқи аласыздар.

Журналда бірнеше маңызды да ауқымды айдарлар қамтылған: кітап және қоғам, заманауи кітапхана, инновациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру мен мамандық, библиография әлемі. 
Құрметті әріптестер! Сіздерді осы басылым беттерінде кітапхана ісінің тарихы мен теориясын, кітапхана ісі саласындағы озық жетістіктерді, түйткілді мәселелерді бүкпесіз, барынша шынайы талқылау үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырады. Сондай-ақ, ақпараттық-инновациялық және сараптамалық мазмұндағы, осы салалардағы кәсіби біліктілік туралы мақалаларды, кітапқа қатысты дайын жобаларды, кез-келген кітап жанашырларының талап-тілектерін қабылдауға дайын. 
Біздің журналға «Эврика-Пресс» каталогы арқылы жазылуға болатынын естеріңізге саламыз. Журналға жазылу индексі: 74941.

Библиотечное дело за рубежом - 2014 : сборник аналитических и справочных материалов/ Рос. гос. б-ка, Отд. зарубежного библиотековедения и междунар. библ. связей; сост. сб. А.Н. Гончарова.– Москва: Пашков дом, 2015.– 200 с.

Жинақ аналитикалық шолулардан, заманауи кітапханатану мәселелері бойынша таңдаулы мақалалардың рефераттарынан тұрады. Жинаққа  енгізілген материалдар кітапхана ісі дамуының өзекті мәселелерін,  шетелдік кітапханалар қызметіндегі жетістіктер мен қиындықтарды қамтиды, соңғы жылдардағы шетелдік кітапханатану ғылымының даму үрдісін көрсетеді.  Жинаққа енгізілген  мақалалар: 1991 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңнің хронологиясын қамтиды.
Сараптамалар мен рефераттарға негіз болған басылымдар географиясының ауқымы кең: Еуропа, АҚШ, Австралия, Қытай және Оңтүстік Корея енген.
Жинақ құрылымы төрт тақырыптық бөлімнен тұрады: «Кітапханаларды басқару», «Кітапханалардың қызметіндегі авторлық құқық мәселелері», «Ұлттық кітапханалар: жетістіктері, мәселелері, дамуы», «Инновациялық технологиялар»
Жинақ кітапхана мамандарына, кітапхана қызметкерлеріне, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының мұғалімдері мен студенттеріне, мәдениет академияларына, сондай-ақ заманауи кітапханатану мәселелеріне қызығушылық танытатындарға арналған.

Дворкина Маргарита Яковлевна. Теория и история библиотечного дела : в 2 ч. : избранные ст. / М.Я. Дворкина / Российская гос. б-ка.– Москва: Пашков дом, 2015.
Ч. 1.– 452 с.
Ч. 2.– 463 с.

Белгілі кітапханатанушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі М.Я. Дворкинаның таңдамалы еңбектерінен тұратын кітап екі негізгі бөліктен тұрады. Жинақтың «Кітапханатану» атты бірінші бөлімінде автордың теориялық мәселелер: кітапханатанудың нысаны мен мәні, кітапхана әлеуметтік институт ретінде, кітапханалық құндылықтар, кітапхананың ықпалы, кітапханалардағы дәстүрлер мен инновациялар, кітапхана қызметі және кітапхана мамандығының  мәселелері бойынша маңызды шығармалары ұсынылған.
«Кітапхана ісінің тарихы» атты екінші бөлімінде ресей және мәскеу кітапханаларының тарихы, тарихи зерттеулердің әдістемесі мен әдісі бойынша мақалалар; тарихы жөнінен ғылыми семинарлардың есептері ұсынылған. Қосымша ретінде «Ресей кітапхана ісі тарихының хронологиялық кестесі» берілген.
Кітапта автордың барлық жарияланымдарының хронологиялық және тақырыптық көрсеткіштері, сондай-ақ, М. Я. Дворкинаның және оның жарияланымдарының тізімі қамтылған. Басылым кітапханатанушылар мен кітапханашыларға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттеріне, мәдениеттанушылар мен тарихшыларға арналған.

На переднем крае библиотечных инноваций: сборник материалов Всероссийской научно-практ. конф. "Научно-методическая деятельность библиотек РФ: актуальные вопросы теории и практики" (Москва, 23-24 окт. 2014 г.) / Российская гос. б-ка; Центр по исслед. проблем развития б-к в информ. о-ве ; сост.: М.И. Акилина, И.П. Осипова.– Москва: Пашков дом, 2015.– 316 с.

Ресей мемлекеттік кітапханасының ақпараттық қоғамдағы кітапханаларды дамыту мәселелерін зерттеу жөніндегі Орталықтың мамандары дайындаған жинақта ұлттық, федералдық орталық және аймақтық кітапхана басшыларының, ғылыми-әдістемелік қызметінің теориясы мен практикалық мәселелері бойынша жазылған  мақалалары жарияланып отырады. 
Кітапхана ісі саласының маңызы, мәні және әдістемелік қызметінің мазмұны; әдістемелік жұмыстың нормативтік-құқықтық және экономикалық негізі; мемлекеттік және муниципалды қызмет түріндегі әдістемелік жұмыс; балалар, жастар және  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кітапханаларды  әдістемелік қамтамасыз ету; ғылыми-әдістемелік қызмет барысында  жаңа ақпараттық технологияларды қолдану; жаңа ақпараттық қоғамдағы әдіскер мамандығының ерекшелігі қарастырылған. 
Жинақ кітапхана ісінің теоретиктері мен тәжірибешілеріне, жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына арналған.

Семеновкер, Борис Арьевич. Библиография сквозь века и народы = Bibliography through centuries and nations : сборник трудов в 2 ч. / Б.А. Семеновкер / Российская государственная библиотека.– Москва : Пашков дом, 2015.

Ч. 1.– 367 с.
Ч. 2.– 335 с.

Белгілі библиограф, шығыстанушы және византинист, педагогика ғылымының докторы Борис Арьевич Семеновкердің библиография тарихына арналған кітабында ежелгі мысыр библиографиялық мәтіндерін,  Месопотамия, ежелгі үнді, араб-мұсылмандар, Византия өркениеттерінің библиографиясы,  Латын Америкасының  ұлттық библиографиясын зерттеу нәтижелері ұсынылған. 
Бірқатар мақалалар библиографиятанудың түрлі теориялық аспектілерін ашып көрсетеді.
Жинақ библиографтарға, кітаптану саласының мамандарына, филологтарға, этнографтарға, тарихшыларға, осы сала бойынша маман дайындайтын жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ әлемдік және ресейлік мәдениеттің пайда болуына, кітап және кітапхана ісінің тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналады. 

Панова, Анастасия Юрьевна. Волонтеры в библиотеках / А.Ю. Панова, Т.В. Пашкевич / Российская государственная библиотека.– Москва : Пашков дом, 2015.– 95 с.

Кітапта ресейлік және шетелдік, атап айтқанда Ұлыбритания, Германия, АҚШ және басқа елдердегі кітапхана еріктілерінің тәжірибелері сипатталған. Еріктілер тартылған кітапханалық-ақпараттық қызмет түрлері қарастырылған.  Ресей кітапханаларындағы  кітапты насихаттау бойынша  акциялар мен жобаларды жүзеге асыру шараларына еріктілердің  қатысуы да оқырмандарға қызықты болады. 
Сондай-ақ, еріктілер қозғалысын ұйымдастыру туралы құжаттардың мәтіндері де бар. («Еріктілік туралы» заң жобасы, осы жобаға түсіндірме жазба және т.б.)

Успех библиотечного маркетинга. Внедряем новые проекты / Российская государственная библиотека ; авт.-сост. Л.Н. Зайцева.– Москва: Пашков дом, 2015.– 105 с.

Жинаққа кітапхана маркетингі саласындағы халықаралық сыйлықты иелену үшін жыл сайын өтіп отыратын ИФЛА байқауына қатысушы-кітапханалардың инновациялық жобалары енген. 13 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқаудың алдына қойған мақсаты жаңа идеялардың тууын ынталандыру, кітапханаларға  өздерінің алдыңғы қатарлы  тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік беру. Қатысушылар географиясының ауқымы кең, ал олардың белсенділігі жыл санап артып келеді, түрлі түрдегі және типтегі: көпшілік, жоғары оқу орындарының, ауылдық, балалар кітапханалары қатысатынын да атап айта кеткен жөн. 
Кітаптың қосымшасында болашақтағы қатысушылар үшін өтінім беру анкетасын толтыру және глоссарий,сонда-ақ қазылар құрамы және барлық жеңімпаздар тізімі туралы қажетті ақпараттарды қамтылған.