+7 (727) 267-28-83

руд

11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетелдік әдебиеттер кітапханасымен (Мәскеу) бірлесіп ұйымдастырылған «Цифрлық ортадағы білім беру жобалары: мектептер мен кітапханалардың серіктестігі» (Ұлы Жеңістің 75 жылдығына) атты дөңгелек үстелге қатысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы атынан директор Оспанова Б.К. құттықтау сөз сөйлеген, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға спикерлер ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары шақырылды: Жарқынбаева Р.С., тарих ғылымдарының докторы, Дүниежүзілік тарих, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры және Жакишева С.А. тарих ғылымдарының докторы, тарих, археология және этнология факультетінің Дүниежүзілік тарих, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры.

руд1   рудомино11