+7 (727) 267-28-83

ИФЛА24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығы ретінде ТМД және Шығыс Еуропа үшін ИФЛА/ПАК аймақтық орталығы болып табылатын М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасымен (БМШӘК) келісім шарт бойынша қорытынды  шығару және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау бойынша онлайн кездесу өткізді.

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы қиындықтарға қарамастан, бірінші жыл (келісім-шарт жасалғаннан бері) қарқынды және нәтижелі болды. ИФЛА/ПАК (қазақстандық және ресейлік) екі аймақтық орталықтарының онлайн кездесулері құжаттарды қалпына келтіру саласындағы мамандармен таныстырып, жабдықтарды көрсете отырып «Қолжазба мен баспа мұрасын сақтау және қалпына келтіру» халықаралық дөңгелек үстелі өткізілді, оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан және Франция кітапханаларының консерваторлары қатысты. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары жыл сайын М.И. Рудомино атындағы БМШӘК өткізетін «Кітап ескерткіштері сақталу аспектісінде» атты  - Пәнаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысты.

Алдағы келіссөздер барысында ескі қағаз құжаттарын қалпына келтіруде семинарлар, тренингтер мен шеберлік сыныптарын  өткізу бойынша 2021 жылға арналған нұсқалар қарастырылды. Екі аймақтық ИФЛА/ПАК орталықтарының өзара әрекеттерін кеңейту туралы шешім қабылдады. 2021 жылы өзбек және түрік әріптестермен онлайн форматта танысып, кездесулер және Өзбекстан мен Түркиядан келген мамандарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша шеберлік сыныптар өткізіледі деп келісілді, оларды дайындауды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығы қамтамасыз етеді. М. И. Рудомино атындағы БМШӘК және ТМД мен Шығыс Еуропаға арналған Ресейдің ИФЛА/ПАК орталығы тарапынан - армян және белорусь әріптестермен кітаптарды сақтау бойынша шеберлік сыныптар өткізу жоспарланған.

ИФЛАПАК